TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kazakistan
2010 жылы елімізде салық соттары құрылатын болады – Жоғарғы соттың судьясы

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылы елімізде салық соты қызметі жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін Жоғарғы сотта «Қазақстан Республикасының салық органдарының қатысуымен қаралатын істердің құқықтық аспектілері» атты тақырыпта өтіп жатқан семинар барысында Жоғарғы соттың судьясы Мәрзия Балтабай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз еліміздің әр облысында өзінің салық соты болғандығын қалаймыз. Бұл соттар салық саласындағы қарама-қайшылықтарды шешуге маманданулары керек. Уақыт та тығыз. Сондықтан біз бүгін оған жедел түрде, әрі тыңғылықты дайындалуымыз қажет», - деді судья.
Оның сөзіне қарағанда, салық соттары қызметін іске қосу біршама уақыттан бері көтеріліп келеді. Алайда елдегі қаржылық жағдайға байланысты ол көбіне құзырлы органдар тарапынан қолдау тапқан жоқ. «Соған қарамастан біз Бүкіәлемдік банк арқылы бұл жобаны келесі жылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді М.Балтабай.

 
Алматыда «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 28-29 күндері «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында өтетін бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Мәдени саясат және өнертану институты бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын зерттей отырып, елдердің бірлігін арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайту. Түркі халықтарының этногенезі, тарихы мен өнерін зерделеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту. Түркі мәдениетінің төл тарихы, ана тілі, тума өнері мен салт-дәстүрлерін насихаттау. Түркі елдерінің мәдени құндылықтарын зерттеу, қамқорлыққа алу және оларды әлемдік ауқымда түсіндіру. Бұл алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Ресей елдерінің мәдениеттанушылары, саясаттанушылары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатыспақ. Екі күндік бұл симпозиумның қорытындысында «Алматы бастамасы» деп аталатын арнайы декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.
 
Алматыда «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 28-29 күндері «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында өтетін бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Мәдени саясат және өнертану институты бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын зерттей отырып, елдердің бірлігін арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайту. Түркі халықтарының этногенезі, тарихы мен өнерін зерделеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту. Түркі мәдениетінің төл тарихы, ана тілі, тума өнері мен салт-дәстүрлерін насихаттау. Түркі елдерінің мәдени құндылықтарын зерттеу, қамқорлыққа алу және оларды әлемдік ауқымда түсіндіру. Бұл алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Ресей елдерінің мәдениеттанушылары, саясаттанушылары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатыспақ. Екі күндік бұл симпозиумның қорытындысында «Алматы бастамасы» деп аталатын арнайы декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.
 
«Еуразия жүрегінен» - «Air Astana» компаниясының «Алматы-Баку» бағытындағы жаңа рейсі ашылды

БАКУ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат  - Бакуде «Новости-Әзербайжан» халықаралық баспасөз орталығында «Air Astana» компаниясының «Алматы-Баку-Алматы» бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Air Astana» наурыздың 29-ынан бастап Алматы мен Бакудің арасында тұрақты әуе қатынасын бастайды. Бұл бағыт бойынша «Airbus А-320» әуе лайнері аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері ұшатын болады.
Компанияның Әзірбайжандағы менеджері Әділ Дәулетбектің хабарлауынша, жаңа рейсті ашудың қажеттілігі әлдеқашан пісіп-жетілген, себебі Қазақстан мен Әзірбайжанның арасындағы тату көршілік қарым-қатынас оңынан дамып келеді.

 
Кенесары ханның бас сүйегі қазаққа қайта ма?

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Парламент Сенатының бүгінгі отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды. Аталған келісімнің мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрес және оларды қайтаруды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негіздерін құру болып табылады. Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының көрсетілген саладағы өзара іс-қимыл тәртібін реттейді және оның бірқатар негізгі бағыттарын айқындайды. Атап айтқанда, әмбебап және өңірлік халықаралық шарттардың ережелерін орындау үшін келісілген шараларды жүзеге асыру, қылмыстың жай-күйін, серпінін және оған қарсы күрестің нәтижелерін талдау, құқық қорғау және өзге де органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мақсаттары көзделіп отыр. Сондай-ақ келісім негізінде мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы іс-қимыл және оларды іздестіру мен қайтаруды қамтамасыз ету жөнінде тиісті іс-шаралар өткізу қарастырылады. Тараптар осы келісімге сәйкес мәдени құндылықтарды ұрлауға, оларды іздестіруге және қайтаруды қамтамасыз етуге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде, анықтауда, ашуда өздерінің құзыретті органдары арқылы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Яғни, Парламент қабылдаған заң бойынша қазақ үшін мәдени құндылық болып табылатын, түрлі кезеңдерде, түрлі жолдармен ТМД аумағына өтіп кеткен дүниелер табылып жатса, оны осы Келісім арқылы елге қайтаруға жол бар, деген сөз. Әрине, алмағайып заманда қазақ даласынан қанша құндылықтың шетелге өтіп кеткенін тізіп болмайды. Киелі Түркістанның «Тайқазаны» секілді шетел асып кеткен бірді-екілі құнды заттар өз тұғырына қондырылды. Бірақ талай жылдар бойы айтылса да нәтижесіз болып келген дүниелер де жоқ емес. Соның бірегейі - қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы.
Сенат жиыны барысында да дәл осы мәселеге сенатор Өмірбек Байгелди назар аудартты. «Жақында Қазақстанның кеден органдары елімізден заңсыз алып өтпекші болған бағалы иконаларды әшкерелеп, шекарадан құндылықтарды алып қалды. Осыған орай, жаңағы алынған иконаларды сұрау салдырмай-ақ, Ресей мемлекетіне тапсыру қажет деген ұсыныс жасаған едім. Өйткені бұл құндылықтар сол мемлекетке қымбаттырақ болып отыр. Кеңес өкіметі кезінде бұндай иконалар жасалмаған, яғни қазір табылған құндылықтар ескі, тарихи заттар, бір кездері қазақ жеріне шеттен келген дүниелер болып табылады. Ал ондай заттарды өз ниетімізбен саналы түрде қайтарғанның еш артықшылығы жоқ. Оның есесіне, Қазақстанның Ресейден қайтпай қалған құндылықтары баршылық, соларды қайтаруға талпыну керек. Мәселен - Алтын адамның сүйегі. Бұл 1960 жылдардың соңында Ресей ғалымдарының сол сүйектің жасын анықтап беруі үшін Қазақстаннан жөнелтілген екен, бірақ елімізге қайтпай қалды. Екіншіден - Кенесарының бас сүйегі. Бұны айтуға еш намыстанудың қажеті жоқ. Біз айтпағанымен де осындай қасиетті құндылықтарды елімізге қайтару туралы келешек ұрпақ мәселе қояды. Кейбір елдер үшін адамның сүйегі малдың сүйегі секілді құнсыз болуы мүмкін. Бірақ, қазақ үшін ықылым заманнан ең құнды дүние ата-бабасының сүйегі болған», деді Өмірбек Байгелди. Сенатордың айтуынша, Алтын адам мен Кенесарының бас сүйегі Ресейде құндылық ретінде сақталып тұрған жоқ. Тек, мұражайдағы мыңдаған заттар санының кеміп қалмауын ойлағандықтан, әрі нөмірленіп, тізімделіп кеткен соң сақталып қалған. «Еліміз үшін қасиетті саналатын құндылықты келісім бойынша қайтарып алсақ, ата-бабалар алдындағы парызымыздың өтелгені, жоғымыздың, кем дүниеміздің толыққаны болар еді», деді Ө. Байгелди.
Ал сенатор Серік Ақылбай да көтерілген мәселеге қолдау білдіре келе, тағы бір жайтты алдыға тартады. Оның айтуынша, кезінде академик Манаш Қозыбаев Кене ханның бас сүйегін іздеп, Санкт-Петербордағы Кунсткамерадан хан басының орнына Кейкі батырдың бас сүйегін тапқан екен. «Кейкі батыр Көкембайұлы кезінде Амангелді Иманов бастаған көтеріліс басшыларының бірі болды. 1922 жылы оны қызылдар өлтіріп, басын Эрмитаждағы Кунсткамераға апарыпты. Қазіргі күні сонда табылып отырған бас сүйек – Кейкі батырдікі. Батыр ел егемендігі үшін, бостандық үшін күрескен қайраткер. Сондықтан да Кенесарының бас сүйегі мен белгілі болған Кейкі батырдың бас сүйегін де елге қайтарып, өз Отанында Жер-Ана қойнына тапсыруымыз керек деп санаймын», деді С. Ақылбай. Жалпы, Кене ханның бас сүйегі туралы түрлі әңгімелер айтылады. Біреулері із-түзсіз жоғалған, дейді. Бірақ, сол бас сүйек тек қана қазаққа керек екендігін, қазақтан басқа жұрт оны қадірлемейтінін білсек, ондай әңгімелерді бекер деп айтуға тура келеді. Сондықтан да, бұл іске бар ынтамен айналысып, мемлекеттік деңгейде қосымша қолдау шаралары қамтылса игі.
Қазақ ықылым заманнан ел құрметіне бөленген бабаларының жерленген орнын кие тұтқан, хандар мен аруақты батырларының сүйектерін ерекше құрметтеп, арулап жерлеген, басына ұрпақтар ұмытпастығы үшін белгі орнатқан. Тек, қызыл империя орнағаннан кейінгі жылдары ондай құрметті еріксіз ұмытып, жұртшылық біреуді жоқтамақ түгілі өз басының қайғысымен кетті. Қаншама алаш арыстарының сүйектері шетелде қалды. Сол тұстағы ұлт қайраткерлерінің басым бөлігінің жатқан орындары әлі күнге белгісіздік күйінде қалып отыр. Тіпті, кейбір тарихшылар кезінде «атылып кетті» делінген ұлт қайраткерлерінің бірталай уақыт бойы Сібірдің алыс түкпірлерінде өмір сүргендігін, өмірінің соңғы күндерін қорлықпен өткізгендігін аракідік айтады. Бірақ, бұл тұрғыдағы ресми мәліметтер де, тың жаңалықтар да әлі жоқтың қасы, баспасөз беттерінде ондай зерттеу дүниелері толық шыққан жоқ.
Осы тұрғыда тоқтала кететін жайт, сонау 1940-шы жылдары Алтай өңірінде Шығыс Түркістан Тәуелсіз Республикасы үшін болған қанды соғыс кезінде орын алды деген бір оқиға еске түседі. Ажалмен арпалыса отырып, Қытайдың қанды шеңгелінен құтылып, тәуелсіздік үшін орыс пен монғолға да қарсылықтарын білдіріп баққан Алтай қазақтары ұлттық қозғалысының басшылығында Есімхан, Ырысхан, Оспан батырлар болғаны тарихтан белгілі. Орыс пен монғол қулықтарына мойынсұнбаған сол кездегі ұлттық қозғалыс орыстың үш-төрт полковник шеніндегі коммунист-әскерилерін атып тастайды. Кейіннен олардың сүйегін алуға келген Бас консулға тек біреуінің ғана сүйегін алып кетуге рұқсат береді. «Қалғандары қазақ үшін нағыз қылмыскерлер. Сондықтан олардың сүйегі берілмейді», деп жауап қайтарады. Сонда орыс консулы қалған сүйектерді қайтару туралы қатаң талапты қайта қоя бастағанда, «Кезінде орыстар Мәскеуге алып кетіп, атып тасған қазақтың ұлттық көсемдері Әлихан Бөкейханұлы мен Ахмет Байтұрсынұлының сүйектерін әкеліп беріңдер. Сонда ғана біз сендердің талаптарыңды орындайтын боламыз», деп жауап қайтарады. Бұндай талаптан кейін бас консул қайтарар жауабы болмағандықтан үнсіз қалады. Осы әңгімені сол кездегі Оспан батырдың қасында болған тоғыз генералының бірі, кейінгі қудалаудан аман сытылып, Түркия жерінде көз жұмған Нұрғожай батыр «Азаттықтың өшпес рухы» атты өз естелігінде толық суреттейді.
Мінеки, өз бастарына төнген қауіптен тайсалмай, қиын күндері де ұлт көсемдерін жоқтай білген Алтай қазақтарының бұл талабы үлкен ерлікпен пара-пар. Ал, бүгінгі заман мүлдем басқаша. Ресеймен арадағы қатынасымыз да жаман емес. Оның үстіне халықаралық келісімдерді арқау етіп қазақтың сұраған құндылығын қайтарып алу дәрежесіне де жеттік. Сондықтан да, «болмайды екен, бекер екенді» қойып, өркениетті жолмен құндылықтарды қайтару қамын қолға алатын, «болмайтынды болдыратын» уақыт келді.

 
<< Başlat < Önceki 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Sonraki > Son >>

Sayfa 5 > 16
  TKA 2008