TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kazakistan
Алматыда 2011 жылғы YII Азия ойындары эмблемасының тұсаукесері өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Азиадаға дейін екі жыл» ұранымен өткен баспасөз мәслихатында 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін VII Азия ойындары эмблемасының ресми тұсаукесері болды. Ол көгілдір-қызыл түсті қар ұшқынына ұқсайды (мұз бен жарыс рухы жалыны), сондай-ақ уақытты көзге елестететін көшпелілер арбасының доңғалағы – үздіксіз қозғалыс символы бейнелейді. Эмблеманың үстіңгі оң жақ қабатында – жарқыраған күн бейнесі – барлық спортшылардың ынтымақтастығын білдіреді. Төрт түс үлгісі бекітілді: алтын, жақұт, лағыл және зүбәржат. Азиаданың кез келген баспасөз және сандық тасылым құралдарына салынатын логотипі жасалды және бекітілді. Баспасөз мәслихатында стендтер, баннерлер және жалаушалардың барлық бекітілген нұсқалары көрсетілді. Логотипті жасау жұмысы екі жылға созылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдағы Азиада-2011 дирекциясының жетекшісі Сұлтан Шоқпытовтың сөзіне қарағанда, «Медеу» спорт кешені мен «Шымбұлақ» демалыс орнын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 2011 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда.
Азия ойындарын өткізу үшін, Алматы іргесіндегі тау шатқалында жоспарланғандай - озық үлгідегі трамплин, шаңғы-биатлон стадионы, сондай-ақ Талғарға жақын жерден олимпиада ауылы салынады. Балуан шолақ атындағы спорт сарайын қайта жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды, - деп атап өтті, ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков.
Сондай-ақ П.Новиков ойдағыдай өнер көрсетуге қазақстандықтардың мүмкіндігі зор екендігіне тоқталды. Алдын ала болжамдарға қарағанда біз 25 медальға қол жеткізуге тиіспіз. Қалаға барлығы 1 мыңнан астам спортшы келеді деп күтіледі.
 
«ҚазАқпарат» агенттігі Қырғыз Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттіктің дипломымен атап өтілді

БІШКЕК. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте ҚазАқпарат тілшісіне «Санта Клаус пен оның достарының ІІ халықаралық қысқы фестивалінің» жұмысын кеңінен таныстыруға белсенді атсалысқаны үшін Қырғыз Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігінің дипломы табыс етілді.
Дипломды «ҚазАқпарат» агенттігінің өкіліне Агенттіктің алқалы отырысында вице-премьер Уктомхан Абдуллаева табыс етті.

 
700 жыл бұрын Орталық Азиядан әкелінген Құран Қытайдың мәдени мұраларының тізіміне енгізіледі
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Ескі қолжазбалар мен кітаптарды қорғау жөніндегі мемлекеттік орталығы елдегі Құранның байырғы қолжазбасын елдің мәдени мұраларының арнайы тізіміне қосу туралы Синин (Цинхай провинциясының әкімшілік орталығы) қаласының өтінішін қарауға кірісті.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл тарауға тарихи және мәдени тұрғыдан құнды саналатын 1912 жылға дейін шыққан қолжазба және баспа өнімдері енгізіледі. Ал айтылып отырған араб тіліндегі екі томдық Құран кітабы Цинхай провинциясының Сюньхуа-Салар автономиялық уезіндегі «Цзецзы» мешітінде сақталып отыр. Уездің атауы, ата-бабалары осыдан 700 жыл бұрын Цинхай-Тибет таулы ауданына қоныс аударған сүнниттік мәндегі исламды ұстанатын түркітілдес салар халқының атымен аталады.
 
Elbası Jarlığımen Qazaqstan Respwblïkasınıñ «Sırbar» sırtqı barlaw qızmet³ qurıldı (Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды)

ASTANA. Aqpannıñ 17-s³. QazAqparat – Elbası Nursultan Nazarbaev «Qazaqstan Respwblïkasınıñ ulttıq qaw³ps³zd³g³n nığaytw jäne barlaw qızmet³n odan är³ jet³ld³rw jön³ndeg³ şaralar twralı» Jarlıqqa qol qoydı, dep xabarlaydı QazAqparat Memleket basşısınıñ baspasöz qızmet³ne s³lteme jasap.
Osı akt³ge säykes, 2007-2012 jıldarğa arnalğan Qazaqstan Respwblïkası ulttıq qaw³ps³zd³k strategïyasınıñ neg³zg³ erejeler³n ³ske asırw, Qazaqstan Respwblïkasınıñ ulttıq qaw³ps³zd³g³n nığaytw jäne arnayı qızmetter³n³ñ qurılımın oñtaylandırw maqsatında, Qazaqstan Respwblïkasınıñ Prezïdent³ne t³keley bağınatın jäne esep beret³n memlekett³k organ ret³nde Qazaqstan Respwblïkasınıñ «Sırbar» Sırtqı barlaw qızmet³ qurıldı.
Osı Jarlıqpen Qazaqstan Respwblïkası Ulttıq qaw³ps³zd³k komïtet³n³ñ «Barlaw» qızmet³ taratıldı.
Qazaqstan Respwblïkasınıñ Ük³met³ne «Sırbar» qızmet³n materïaldıq-texnïkalıq, qarjılıq jağınan qamtamasız etw jäne üş ay merz³mde müddel³ memlekett³k organdarmen b³rlese otırıp, «Sırtqı barlaw twralı» jäne «Qazaqstan Respwblïkasınıñ keyb³r zañnamalıq akt³ler³ne ulttıq qaw³ps³zd³k mäseleler³ boyınşa özger³ster men tolıqtırwlar eng³zw twralı» Qazaqstan Respwblïkası zañdarınıñ jobaların äz³rlep, Qazaqstan Respwblïkası Parlament³ Mäj³l³s³n³ñ qarawına eng³zw jükteld³.

Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды.
Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Сырбар» қызметін материалдық-техникалық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету және үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Сыртқы барлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу жүктелді.

 
Almatıda «Mädenï mura» bağdarlaması ayasında 2006-2008 jıldarı jarıq körgen k³taptardıñ tanıstırılımı öted³ (Алматыда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006-2008 жылдары жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтед)

ALMATI. Aqpannıñ 17-s³. QazAqparat /Erbol Azanbek/ - Aqpannıñ 24-³nde M.Äwezov atındağı Ädebïet jäne öner ïnstïwtında «Mädenï mura» memlekett³k bağdarlaması ayasında 2006-2008 jıldarı beynelew öner³, mwzıka, teatrtanw salaları boyınşa jarıq körgen ³rgel³ eñbekter toptamasınıñ tusawkeser³ öted³, dep xabarlaydı QazAqparat M.Äwezov atındağı Ädebïet jäne öner ïnstïwtına s³lteme jasap.
Tanıstırılım räs³m³nde «Qazaq mwzıkası.Antologïya» 5 tomdığı, «Qazaq öner³n³ñ tarïxı» qazaq-orıs t³lder³ndeg³ 3 tomdığı, A.Zataevïçt³ñ «Qazaqtıñ 500 än, küy³», teatrtanw salası boyınşa «Teatr twralı tolğanıstar», «Qazaq opera öner³», «Söz» 2 tomdıq eñbekter³ jäne tağı basqa, jalpı sanı 27 k³tap jurtşılıq nazarına usınılmaq.

Алматыда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006-2008 жылдары жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ақпанның 24-інде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2006-2008 жылдары бейнелеу өнері, музыка, театртану салалары бойынша жарық көрген іргелі еңбектер топтамасының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутына сілтеме жасап.
Таныстырылым рәсімінде «Қазақ музыкасы.Антология» 5 томдығы, «Қазақ өнерінің тарихы» қазақ-орыс тілдеріндегі 3 томдығы, А.Затаевичтің «Қазақтың 500 ән, күйі», театртану саласы бойынша «Театр туралы толғаныстар», «Қазақ опера өнері», «Сөз» 2 томдық еңбектері және тағы басқа, жалпы саны 27 кітап жұртшылық назарына ұсынылмақ.

 
<< Başlat < Önceki 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Sonraki > Son >>

Sayfa 8 > 16
  TKA 2008