TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kazakistan
Бастан аяқ қазақ тілінде хабар тарататын арна ашу сандық телеарнаны енгізумен байланысты жүзеге асады
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат  - Бастан аяқ қазақ тілінде хабар тарататын арна ашу сандық телеарнаны енгізумен байланысты жүзеге асады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біраз жылдан бері толық көлемде мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна ашу мәселесі көтеріліп келеді. Бүгінгі күні Қазақстанның аумағына кеңінен таралатын республикалық «Қазақстан» мен «Хабар» секілді екі ұлттық арнамыз бар. Сонымен бірге, «Ел арна» мен «Каспионет» телеарналары әлі күнге дейін жеке таралғаны болмаса «Хабардың» еншілес кәсіпорны болып табылады. Сондықтан да, ашығын айту қажет, кең ауқымда хабар тарататын республикалық екі арнаның біреуін толығымен қазақшаға аударуға әзірше еш мүмкіндік жоқ. Ал, жалпы елімізде таза қазақ тілінде хабар тарататын телеарна сандық телеарнаның дамуымен бірге жүзеге асырылатын болады», деді министр. М. Құл-Мұхаммедтің айтуынша, қазіргі таңда министрлік тарапынан еліміздегі электронды ақпарат құралдарын сандық телеарнаға көшіру туралы бағдарлама әзірленген.
 
«Мәдени мұра» жобасы

Мәдени мұра» жобасы аясында шет елдерден ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихи-этнографиясы, өнері туралы 5 мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды

АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат -

 

«Мәдени мұра» жобасы аясында ұйымдастырылған ғылыми зерттеу экспедициялары нәтижесінде ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихи-этнографиясы, өнері туралы 5 мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік мәдени және ақпараттық саясаттың іске асырылу барысы» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар алдында жасаған баяндамасы барысында министр,

 

 

«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде ғылыми іздестіру экспедициялары жүргізіліп, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының көрмелері шет елдерде де өткізілгендігін атап өтті. М. Құл-Мұхаммедтің айтуынша, АҚШ, Германия, Тәжікстан, Иран, Египет, Украина, Қытай, Монғолия секілді бірқатар мемлекеттерде көрмелер ұйымдастырылуымен қоса, сол елдерде қазақтың тарихи-мәдени мұрасына қатысты деректер де жинақталған. «Ең маңыздысы, бағдарламаны іске асыру барысында ұлттық мәдени мұраларды зерттеудің тұтас жүйесі құрылды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толық кітапханасын құру мүмкіндігі жүзеге асты. Әсіресе, философия, әлеуметтану, психология, экономика секілді ғылым-білімнің гуманитарлық салалары бойынша әлемдік ой-сана жинақтаған асыл мұралар қазақ тіліне аударылып, олар көптомдық жинақ ретінде жарық көруде. Сондай-ақ Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапон, Египет, Армения, АҚШ, Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихи-этнографиясы, өнері туралы 5 мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Басқаны былай қойғанда, іргеміздегі Қытайдың мұрағаттарында сақталған Қазақ хандығына, хандарымыздың Қытай императорларымен дипломатиялық қарым- қатынасына және екі жақты жазбаша алыс-беріс жұмыстарына қатысты мыңдаған құжаттар табылды. Бұлардың барлығы қазақ тіліне аударылып, түпнұсқа тілінде «Қытай тарихындағы Қазақстан тарихына қатысты деректемелер» деген атпен көптомдық жарық көре бастады. Бұл жұмыс әлі де жалғасады», деді министр.

Оның айтуынша,

«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру барысында 6 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Соның ішінде 2008 жылы бұл мақсатта бағытталған қаржы шығыны 1 млрд. 300 млн. теңгеден асқан.

 
<< Start < Prev 11 12 13 14 15 16 Next > End >>

Page 16 of 16
  TKA 2008