TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



«Қазақ елінің астаналары» атауымен жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -

«Қазақ елінің астаналары» деп аталатын жаңа кітап шықты. Бұл бүгін Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев мұражайының «Д. Қонаевтың әріптестері» атты іс-шаралары аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиевтің 70 жылдығына арналған алқалы жиынында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атамұра» ЖШСМ-нің полиграфкомбинатында басылып шыққан бұл кітаптың авторлары Кеңес Аухадиев, Дүкенбай Досжан, Өтеген Әбдіраман, Қожахмет Баймаханов, Ермекбай Ерманов. «Ол халқымыздың тарихында әрқайсысының өзіндік орны бар төрт астана жайлы мұрағат деректер негізінде құрастырылған. Жинаққа қазақтың ежелгі астаналары емес, 20 ғасырдағы астаналары еніп отыр. Бұл Орынбор (1920-1925), Қызылорда (1925-1929), Алматы (1929-1998) және Астана (1998) қалалары. Оған мұрағат деректері, тарихи фактілер, фотосуреттер мен астана көріністері туралы әңгімелер топтастырылған», дейді жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы.
Жинаққа пікір білдіргендер тарих ғылымының докторы Өтебай Қожақов пен саясаттану ғылымының докторы Мұрат Мұхамедов. Ал рецензенті тарих ғылымының кандидаты, доцент Қайсар Құсайынов.

 
  TKA 2008