TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Түркітілдес халықтар ұлттық музыкасының фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - 2009 жылдың наурыз айында Түркияда түркітілдес халықтардың ұлттық музыкасы фестивалі өтеді. Бұл жайлы Қазақ радиосының бас директоры Жүрсін Ерман бүгін Алматыда өткен Дәстүрлі музыканы қолдау қорының таныстырылымында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталмыш шараны Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту ұйымымен (ТҮРКСОЙ) бірігіп өткіземіз. Қазір дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз дәстүрлі орындаушылардың тыңдаушысы көп екенін былтыр Парижге барып айтыс өткізген кезде көрдік. Олардың шетелдіктер қатысқан жерде ең сүйкімді, ең сиымды екеніне көзіміз әбден жетті», дейді Жүрсін Ерман.
ТУРКСОЙ-ды Алматыда 1993 жылы шілденің 12-сінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Түркия елдері бірігіп құрған болатын. Оның басты мақсаты - түркі тілдес халықтар арасында рухани қарым-қатынасты жаңғырту. Қазіргі таңда оған бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының субьектілері саналатын Алтай, Башқұртстан, Татарстан, Тува, Хакас, Якутия және Молдовадағы гагауздар мен Сотүстік Кипр тіркеліп отыр. Ұйымның бас директоры - Дүйсен Қасейінов.
 
  TKA 2008