TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Дөңгелек үстел басындағы әңгіме арқауы Қазақстан мен Әзірбайжан қатынастары жайлы болды

АЛМАТЫ. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат  - Бүгін Алматыдағы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инситутында (ҚСЗИ) «Қазақстан және Әзірбайжан: ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің болашағы» тақырыбында дөңгелек үстөл мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің қоры бірлесіп ұйымдастырған бұл басқосуда аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда, энергетика, Каспий аймағындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, қазақ-әзірбайжан қатынастарының басқа да қиындықтары мен басымдықтарына қатысты мәселелер талқыға түсті.

Жиында сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжан арасында ежелден достық, серіктестік қатынас орнағаны, екі ел ортақ экономикалық, қорғаныс, гуманитарлық, ақпараттық кеңістікті сақтай отырып, бір-бірінің қауіпсіздігінің, тұрақтылығының нығаюы мен гүлденуіне тең дәрежеде мүдделі екендігі айтылды.

«Қазақстан мен Әзірбайжан арасын Каспий теңізінің алып қайраңы бөліп жатыр. Бірақ көзқарасы мен мақсаты бір елді ешқандай шекара бөле алмайды», деді жиында сөз алған Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зертеулер орталығының директоры Элхан Нуриев.

 
  TKA 2008