TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Елімізде IV халықаралық жас пианистер конкурсы өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат  -Желтоқсанның 1-8 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен әлемнің үздік музыкалық оқу орындарының студенттері мен түлектері арасында IV халықаралық жас пианистер конкурсы өтеді.
Бұл туралы бүгін конкурстың ұйымдастырушылары Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2000 жылдан бері өтіп келе жатқан конкурс биыл жаңа бағытта болмақ.

«Биылғы байқау қатардағы шара емес, ерекше конкурс болып, музыка сайысына деген көзқарасты өзгертетін шара болады. Біздің конкурс бұл дәстүрді жандандырып, инновациялық музыкалық шара ретінде көрініс табады», дейді конкурс идеясының авторы және көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова. Оның айтуынша, биыл конкурсқа төрешілер ретінде АҚШ-тан Стефан Ганзенхаузер, Мәскеу консерваториясының профессорлары Елена Кузнецова, Павел Нарсесьян, Вена симфониялық оркестрінен Михаэль Дитрих сынды бірқатар әлемге әйгілі өнер тарландары келмек.
Конкурсқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австрия, Украина, Армения, Швеция, Кореяның жас өнерпаздары қатыспақ. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен өтеді. Конкурс қорытындысы 8 желтоқсанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында шығарылып, лауреаттар мен конкурс қонақтарының концерті өтеді.

 
  TKA 2008