TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынатын мектептердің 45 пайызы биылғы жылы пайдалануға беріледі

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат -

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынатын мектептердің 45 пайызы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Ал қалғандары 2009 жылы тапсырылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім беру нысандарының белгіленген мерзімінен кешігіп салынуы фактісі Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе облыстарында анықталды.
«Бүгінде Қызылорда облысында 29 апаттық және 3 ауысымда оқытылатын 12 мектеп бар. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында апаттық жағдайдағы 69 мектеп пен үш ауысымдағы 29 мектеп жұмыс істейді», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Ақмола облысында білім беру нысандары бойынша биылғы жылға бөлінген қаржының игерілмеу салдарынан 1,6 млрд. теңгеден астам қаржы алдағы жылға ауыстырылған. Сонымен қатар министр Көкшетау қаласында 1 мектептің құрылысы сын көтермейтінін айтып өтті.
«Бұл мектеп құрылысының сапасыз салынуы жергілікті органдардың тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алып отыр», деді Ж. Түймебаев.
Министрдің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір қаласындағы мектеп құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру фактісі орын алған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, мектеп құрылысы тоқтап қалған.

 
  TKA 2008