TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Семейде 5 мың жыл бұрынғы еңбек құралы табылды

СЕМЕЙ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат / - Семейдің шет жағынан осыдан 5 мың жыл бұрын адамдар қолданған еңбек құралы табылды. Құрылысшылар қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамдар қонысының үстінен түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өлкетану мұражайына сілтеме жасап.
Жәдігерлер үй құрылысы жүріп жатқан жерден, топырақ астынан табылып отыр. Ғалымдардың олжаларының қатарында - кетпен, тырма сияқты еңбек құралдары бар. Археологтар құрылыс орнын егжей-тегжейлі зерттеу барысында тағы да біраз заттың табылатынына сенімді.
Ғалымдардың пайымдауынша, топырақ астында тарих тылсымынан сыр шертер ежелгі адамдардан қалған тарихи жәдігерлер әлі көп. Ал бүгінгі табылған 20 жәдігер – бірегей заттар, қала аумағынан бұрын-соңды мұндай дүниелер табылмаған.

 
  TKA 2008