TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Ерейментаудағы түркі дәуірінің ғұрыптық «Қос батыр» ескерткішін зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Торғай ауылының маңында орналасқан түркі дәуірінің ғұрыптық «Қос батыр» ескерткішін зерттеу шараларына байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ескерткішті Президенттік мәдениет орталығының қызметкері Берік Әлібай анықтап, оны Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институтының бас ғылыми қызметкері, түркітанушы Айман Досымбаева биылғы жылғы сәуір айында зерттеуді бастаған.
«Бұл ескерткішті «Қос батыр» деп бекер атамаған. Ол ғұрыптық ескерткіш, тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар.
Бұл мүсіндер 7-8 ғасырға жатқызылып отыр. Мұндай ескерткіштер Моңғолияда, Алтайда, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу аумағында және басқа өңірлерде бар», деді Айман Досымбаева.
Оның айтуынша, ескерткіш маңынан табылатын ыдыстар мен жебенің ұштарына қарап, оны хронология жағын тура дәлелдеуге болады. «Қазір қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ары қарай зерттеу жұмыстары барысында сол кездің мәдениеті туралы, кезеңі жайында толық ақпарат бере аламыз», деді А. Досымбаева.
Зерттеу жұмыстары жүргізілгенен кейін олардың ғылыми негіздемесі әзірленіп, «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.
 
  TKA 2008